06.02.2026 08:45
Хамес Родригес MLS клубына ауысады
06.02.2026 08:45
Хамес Родригес «Миннесота Юнайтед» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, MLS клубы 34 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушымен ауызша келісімге келді. Хамес «Миннесота Юнайтед» сапына еркін агент ретінде қосылады.
Оның соңғы клубы «Леон» болды. Родригес Мексиканың командасынан 1 қаңтарда кетті. Одан бөлек мансабында «Реал», «Бавария», «Эвертон» және «Монако» секілді белгілі командаларда ойнаған.