05.02.2026 21:32
«Барселона» АПЛ-ден қорғаушы алмақ
05.02.2026 21:32
«Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро жақында клуб ауыстыруы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, Каталонияның клубы 27 жастағы аргентиналық ойыншыны қатарына қосқысы келеді. Ал «Тоттенхэм» оны 80-90 миллион еуроға бағалайды екен.
Одан бөлек Кристианға «Атлетико» да көз тігіп отыр.
Ромеро осы маусымда 27 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.