05.02.2026 20:07
Гнабри «Баварияда» қалды
05.02.2026 20:07
Серж Гнабри «Бавариямен» келісімшартты ұзартты

Қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
30 жастағы неміс форварды Мюнхеннің клубына 2017 жылы «Вердерден» сегіз миллион еуроға ауысып келген еді. Содан бері Германияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды. Ал осы маусымда 26 матчта жеті гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.