05.02.2026 17:26
Мбаппе «Реалдың» үздік ойыншысы атанды
05.02.2026 17:26
Килиан Мбаппе «Реалдың» қаңтардағы үздік ойыншысы атанды

27 жастағы француз форварды өткен айда бес матчқа қатысып, жеті гол соқты.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Федерико Вальвердені, Тибо Куртуаны, Арда Гүлерді және Винисиус Жуниорды артқа тастады.
Мбаппе осы маусымда жалпы 30 матчта 37 гол соғып, бес нәтижелі пас берген.