06.02.2026 13:06
Викарио «Интерге» ауысуы мүмкін
06.02.2026 13:06
«Тоттенхэм» қақпашысы Гульельмо Викарио отанына оралуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, 29 жастағы голкиперге «Интер» қызығушылық танытып отыр. «Нерадзурри» оны келер жазда қатарына қосып алғысы келеді. Кейінгі күндері қос тарап кездесіп, келіссөз жүргізіпті. Гульельмоның өзі де клуб ауыстыруға дайын екен.
Викарио Лондонның клубына 2023 жылы «Эмполиден» 18,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта 44 гол өткізіп, 13 ойында қақпасына доп жібермеді.