15.12.2025 10:23
«Бавария» рекорд орнатты
15.12.2025 10:23
Германия Бундеслигасының 14-турында «Бавария» «Майнцпен» (2:2) тең түсті

Ойын барысында Леннарт Карл мен Харри Кейн мергендік танытып, командасының ішкі біріншіліктегі голдар санын 51-ге жеткізді.
Осылайша «Бавария» Бундеслиганың бастапқы 14 турында осыншама гол соққан тарихтағы алғашқы клуб атанды.
Айта кетейік, еншісінде 38 ұпайы бар Венсан Компани шәкірттері турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.