14.12.2025 23:46
«Бавария» ұпай жоғалтты
14.12.2025 23:46
Германия Бундеслигасының 14-турында «Бавария» өз алаңында «Майнцпен» тең тарқасты

«Альянц Аренада» өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Мюнхен клубының сапында Леннарт Карл пен Харри Кейн (пенальтиден) мергендік танытты.
Осылайша 38-ұпайына қол жеткізген «Бавария» турнир кестесінде көш басында қалды.
Венсан Компани шәкірттері келесі турда 21 желтоқсан күні «Хайденхаймға» қонаққа барады.