14.12.2025 21:05

«Наполи» жеңіліп қалды

14.12.2025 21:05

Италия А Сериясының 15-турында «Наполи» сырт алаңда «Удинезеге» есе жіберді

Удинеде өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 73-минутта Юрген Эккеленкамп соқты.

Осылайша 31 ұпайы бар Неапольдің клубы турнир кестесінде көш басына көтерілетін керемет мүмкіндіктен айырылды. Бұған дейін 32 ұпаймен топ бастап тұрған «Милан» «Сассуоломен» (2:2) матчта ұпай жоғалтқан еді.

Антонио Контенің шәкірттері келесі турда 28 желтоқсан күні «Кремонезеге» қонаққа барады. Ал одан 10 күн бұрын Ел Суперкубогының жартылай финалында «Миланмен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram