14.12.2025 20:47

«Манчестер Сити» сенімді жеңіске жетті

14.12.2025 20:47

Ағылшын Премьер-лигасының 16-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Кристал Пэластан» басым түсті

Лондонда өткен кездесуде 0:3 есебі тіркелді. «Қалалықтардың» сапында Эрлинг Холанд дубль жасаса, Фил Фоден бір гол соқты.

Осылайша Манчестердің клубы 34-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.

Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда 20 желтоқсан күні «Вест Хэмді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram