14.12.2025 16:14

Ла Лига клубы бас бапкерсіз қалды

14.12.2025 16:14

«Реал Сосьедад» бас бапкер Серхио Франсисконы қызметінен босатты

Енді команданы алдағы екі матчта Ион Ансотеги уақытша тізгіндейді.

46 жастағы жергілікті маман «басктерді» шілде айында тізгіндеген еді. Осы аралықта команда алты рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түссе, сегіз матчта қарсыласына жол берді.

16 ойыннан кейін 16 ұпай жинаған «Реал Сосьедад» ішкі біріншілікте 15-орында келеді. Сан-Себастьянның клубы келесі турда 20 желтоқсанда «Левантеге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram