14.12.2025 15:46
«Манчестер Сити» үш ойыншысын сатуға дайын
14.12.2025 15:46
«Манчестер Сити» үш бірдей ойыншысымен қош айтыспақ

Football Insider хабарлауынша, «қалалықтар» Савиньо, Рико Льюис және Оскар Бобты қыста сатуға дайын. Одан түскен қаржыға клуб топ-трансфер жасауға ниетті екен.
Аталған ойыншылардың бәрі жас. Нақтырақ айтсақ, Савиньо мен Льюис – 21-де, ал Бобб – 22-де.
Еске салайық, 15 турдан кейін 31 ұпай жинаған «қалалықтар» Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді. Пеп Гвардиола шәкірттері бүгін, 14 желтоқсанда «Кристал Пэласпен» кездеседі. 19:00-де басталатын матчты Setanta Sports 2 арнасы тікелей эфирде көрсетеді.