14.12.2025 18:39
«Милан» ұпай жоғалтты
14.12.2025 18:39
Италия А Сериясының 15-турында «Милан» өз алаңында «Сассуолоны» жеңе алмады

«Сан-Сиро» стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері сапында Давиде Бартезаги дубль жасады. Ал «Сассуолоның» құрамында Исмаэль Коне мен Арманд Лорьен мергендік танытты.
Осылайша 32-ұпайын еншілеген «россонери» турнир кестесінде бірінші орында қалды. Алайда «Наполи» бүгін «Удинезені» жеңіп, көш басына көтерілуі бек мүмкін.
Массимилиано Аллегри шәкірттері келесі турда 28 желтоқсан күні «Веронаны» қабылдайды. Ал одан 10 күн бұрын Италия Суперкубогының жартылай финалы аясында «Наполимен» күш сынасады.