14.12.2025 20:49

«Ноттингем» «Тоттенхэмді» ойсырата жеңді

14.12.2025 20:49

Ағылшын Премьер-лигасының 16-турында «Ноттингем Форест» өз алаңында «Тоттенхэмді» тізе бүктірді

Ноттингемде өткен кездесуде 3:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Каллум Хадсон-Одои дубль жасаса, Ибрахим Сангаре бір гол соқты.

Осылайша 18-ұпайын қанжығалаған «орманшылар» турнир кестесінде 16-орынға көтерілді. Ал еншісінде 22 ұпайы бар «Тоттенхэм» 11-орында қалды.

Келесі турда «Ноттингем Форест» «Фулхэмге» қонаққа барса, «Тоттенхэм» «Ливерпульді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram