20.07.2026 18:41
Бельгия бас бапкерсіз қалды
20.07.2026 18:41
Руди Гарсия Бельгия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

«Қызыл сойқандар» 62 жастағы француз маманымен келісімшартты ұзартпады.
Гарсия Бельгия құрамасын 2025 жылдың қаңтар айында тізгіндеген еді. Содан бері команда 12 рет жеңіске жетіп, алты мәрте тең түссе, екі ойында қарсыласына жол берді.
Бельгия биылғы Әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, Испанияға (1:2) жол берді.