20.07.2026 16:10

Модрич «Миланда» қалады

20.07.2026 16:10

«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модрич клубта қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2027 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Жаңа шартқа сәйкес, Луканың жылына алатын жалақысы 4,5 миллион еуроны құрайды екен. «Россонерри» Модричті сақтап қала алатынына сенімді.

40 жастағы хорватиялық ойыншы Миланның клубына 2025 жылдың жазында еркін агент ретінде келген еді. Ол өткен маусымда 37 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram