16.06.2026 02:03
Бельгия Египетпен тең ойнады
16.06.2026 02:03
Әлем чемпионатының бірінші турында Бельгия Египетпен тең түсті

АҚШ-тың Сиэтл қаласында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Алғаш болып 19-минутта Египет сапында Эмам Ашур гол соқты. Бірақ мысырлықтардың құрамында Мұхамед Хани 66-минутта автогол авторы атанды.
G тобында одан бөлек Иран мен Жаңа Зеландия бар. Ол екеуі сағат 06:00-де өзара күш сынасады.