26.02.2026 10:43
Бензема қатардан шықты
26.02.2026 10:43
«Әл-Хиләл» шабуылшысы Кәрім Бензема жарақат алды

38 жастағы француз форварды санының ішкі бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен 10-15 күн командасына көмектесе алмайды.
Бензема «Әл-Хиләлге» 2 ақпан күні «Әл-Иттихадтан» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол содан бері үш матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.