18.09.2025 11:49
Бернарду Силва ат басын Италияға бұруы мүмкін
18.09.2025 11:49
Бернарду Силва «Ювентус» ойыншысы атануы мүмкін
Tuttosport мәліметінше, туриндіктер 31 жастағы ойыншыны келесі жазда еркін агент ретінде қатарға қосқысы келеді.
Қазірдің өзінде италиялық клуб португалиялық футболшының өкілдерімен байланысқа шығып жатыр екен.
Силва «Манчестер Сити» намысын 2017 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 410 матч өткізіп, 72 гол соғып, 73 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Англияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында бір рет топ жарды.