18.09.2025 11:18
«Монако» ойыншылары ұшақта шешініп тастады
18.09.2025 11:18
«Монако» «Брюггеге» қарсы матч үшін кеше, 17 қыркүйек, жолға шығуы керек еді.
Бірақ ұшақтағы кондиционер істен шығып, ойыншылар ішінде біраз күткен. Ыстықтан жартылай жалаңаш қалуға мәжбүр болды.

Ақау дер кезінде жасалмай, рейс кейінге шегерілген. Соған байланысты Брюггедегі баспасөз мәслихаты да, ашық жаттығу да болмайды.
«Монако» Чемпиондар лигасының 1-туры аясындағы матчқа тек бүгін, 18 қыркүйек, ұшады.