18.09.2025 08:39
Италия Суперкубогы Сауд Арабиясында өтеді
18.09.2025 08:39
Сауд Арабиясы алтыншы рет Италия Суперкубогын өткізетін болды.
Бұл жолы кубокты Италия чемпионы «Наполи», күміс жүлдегер «Интер», кубок иегері «Болонья» және финалист «Милан» сарапқа салады.
Жартылай финалдар 18 және 19 желтоқсан күні өтсе, финал 22 желтоқсанға жоспарланған. Барлық матчты Эр-Рияд қабылдайды.
Былтыр «Милан» финалда «Интерді» 3:2 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.