18.09.2025 09:43
Маркус Тюрам 100-голдық межені бағындырды
18.09.2025 09:43
Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында «Интер» «Аякстан» 2:0 есебімен басым түсті
Аталған матчта Маркус Тюрам дубль жасап, мансабындағы 99 және 100-голдарын қақпа торына енгізді.
Франциялық шабуылшы осы 100-голын төрт клубтың жейдесінде соққан екен: «Интер» – 38, «Боруссия» Мёнхенгладбах – 44, «Генгам» – 17, «Сошо» – 1.
Ал Чемпиондар лигасы аясында жалпы тоғыз мәрте мергендік танытқан.
28 жастағы футболшы бұл нәтижені 349 матчта тіркеді.
Тюрам миландық клубтың намысын 2023 жылдың тамыз айынан бері қорғап келеді.