20.09.2025 13:44
Бернарду Силваға үш клуб «құда түсті»
20.09.2025 13:44
«Манчестер Сити» капитаны Бернарду Силва клубтан кетуі мүмкін
Экрем Конурдың мәліметінше, португалиялық жартылай қорғаушыға «Наполи», «Ювентус» және «Милан» қызығушылық танытып отыр.
Бірақ, италияның бетке ұстар клубтарының Силваға манчестердегідей жалақы бере алмайтыны сөзсіз. Бернарду «қалалықтар» сапында жүріп, аптасына шамамен 350 мың еуро тапқан еді.
Бұған дейін «Манчестер Ситидің» Силваға жаңа келісімшарт ұсынбайтыны туралы қауесеттер тараған еді. Осыған байланысты 31 жастағы ойыншы жазда еркін агент атануы мүмкін.
Силва «қалалықтар» намысын 2017 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 410 матч өткізіп, 72 гол соғып, 73 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Англияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында бір рет топ жарды.