18.04.2026 12:08
«Борнмуттың» жаңа бас бапкері белгілі болды
18.04.2026 12:08
«Борнмут» бас бапкер етіп Марко Розені тағайындауға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімге келіп қойыпты. Ал Николо Скираның хабарлауынша, келісімшарт үш жылға жарамды болады екен. 49 жастағы неміс маманы жұмысқа жаздан бастап кіріседі.
Осыған дейін қазіргі бапкер Андони Ираоланың маусым соңында командадан кететіні белгілі болған еді.
Розенің соңғы клубы «Лейпциг» болып, одан былтыр наурыз айында кетті. Одан бөлек Марко Мёнхенгладбахтың және Дортмундтың «Боруссиясын», сондай-ақ «Зальцбургті» жаттықтырған. Ал 32 турдан кейін 45 ұпай жинаған «Борнмут» Ағылшын Премьер-лигасында 11-орында келеді.