18.04.2026 11:15

Димарко рекорд қайталады

18.04.2026 11:15

«Интер» қорғаушысы Федерико Димарко Италия А Сериясының 33-туры аясындағы «Кальяриге» (3:0) қарсы ойында бір нәтижелі пас берді

Бұл оның ішкі чемпионаттың осы маусымындағы 16-ассисті болды. Осылайша ол бір маусымдағы ассисттер саны бойынша «Аталантаның» бұрынғы ойыншысы Алехандро Гомес тіркеген рекордты қайталады.

Димарко «нерадзурри» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. 28 жастағы италиялық ойыншы осы маусымда 41 матчта жеті гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram