30.06.2026 00:04
Бразилия 1/8 финалға шықты
30.06.2026 00:04
Әлем чемпионатының 1/16 финалында Бразилия Жапонияны қапы қалдырды

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. 29-минутта Кайшу Сано алғаш болып гол соққан еді. Бірақ 56-минутта Каземиро және 90+5-минутта Габриэль Мартинелли мергендік танытып, Бразилияға жеңіс сыйлады.
Карло Анчелоттидің шәкірттері келесі кезеңде Кот-д'Ивуар – Норвегия жұбының жеңімпазымен кездеседі.