29.06.2026 22:01
Кейн «Баварияда» қалады
29.06.2026 22:01
«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн клубта қалады

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Кейн мен оның отбасына Мюнхен ұнайды және келісімшартты 2027 жылдан әрі қарай ұзартуға дайын. Келіссөз Әлем чемпионатынан кейін басталады екен.
32 жастағы Англия құрамасының форварды «Баварияға» 2023 жылы «Тоттенхэмнен» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 51 матчта 61 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.