29.06.2026 16:22
Лиам Росеньор жұмыс тапты
29.06.2026 16:22
Лиам Росеньор Францияға оралады

Санти Аунаның хабарлауынша, ол «Париж» бас бапкері атануға жақын. Росеньор Париждің клубын тізгіндеуге келісімін беріпті. Енді тек құжаттың ұсақ-түйек мәселелері қалды.
41 жастағы ағылшын маманы соңғы рет «Челсиді» жаттықтырған еді. Оған дейін «Страсбур» мен «Халлды» баптаған.
Ал 34 турдан кейін 44 ұпай жинаған «Париж» Бірінші лиганың өткен маусымында 11-орын алды.