29.06.2026 14:45

Такефуса Кубо Бразилияға қарсы ойнамайды

29.06.2026 14:45

Жапония құрамасының вингері Такефуса Кубо қатардан шықты

ESPN хабарлауынша, 25 жастағы «Реал Сосьедад» ойыншысы Әлем чемпионатының үшінші турындағы Нидерландқа (2:2) қарсы ойында менискін зақымдап алыпты. Осыған байланысты 1/16 финалдағы Бразилиямен матчта командасына көмектесе алмайды.

Кубо қазір жеке бағдарлама бойынша шынығып жүр, әлі доппен жаттығуға кіріспепті.

Бразилия – Жапония кездесуі бүгін, 29 маусым күні АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «Эн-Эр-Джи Стэдиум» стадионында өтеді. 22:00-де басталатын текетіресті Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram