29.06.2026 13:10

Лионель Скалони Аргентинамен келісімшартты ұзартады

29.06.2026 13:10

Аргентина бас бапкері Лионель Скалони құрамада қалады

Диего Монроигтің хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылға дейін ұзарту туралы ауызша келісімге келді. Ал қазіргісі 31 желтоқсанда күшін жояды.

48 жастағы маман құрама тізгінін 2018 жылы ұстаған еді. Содан бері команда 74 рет жеңіске жетіп, 14 мәрте тең түссе, тоғыз ойында қарсыласына жол берді. Сондай-ақ Әлем чемпионы (2022) атанып, Америка кубогында екі (2021, 2024) рет топ жарды және Финалиссима (2024) чемпионы болды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram