29.06.2026 12:36
Меньян «Челсиге» ауысуы мүмкін
29.06.2026 12:36
«Милан» қақпашысы Майк Меньян мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Milan News 24 хабарлауынша, оны «Челси» өз қатарынан көргісі келеді. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен.
30 жастағы Франция құрамасының голкипері «россонерри» сапына 2021 жылы «Лилльден» 16,4 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 41 матчта 38 гол өткізіп, 16 ойында қақпасына доп жібермеді.