29.06.2026 01:43
Левандовски «Чикаго Файр» ойыншысы атанады
29.06.2026 01:43
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски «Чикаго Файрға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді және келер аптада келісімшартқа қол қояды.
37 жастағы поляк форварды Каталонияның клубына 2022 жылы «Бавариядан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 46 матчта 19 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.