28.06.2026 20:42
Деклан Райстың жағдайы белгілі болды
28.06.2026 20:42
Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Деклан Райстың жағдайы белгілі болды

BBC журналисі Сами Мокбельдің хабарлауынша, бұлшық етін зақымдап алған ол Әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Конго Демократиялық Республикасына қарсы ойынға дайын болады және бастапқы құрамда алаңға шығады деп күтілуде.
Ал оң қаптал қорғаушысы қызметін бұл ойында Рис Джеймс, Тино Ливраменто және Джаррел Куансаның қатардан шығуына байланысты Джед Спенс атқаруы мүмкін, немесе бас бапкер Томас Тухель ортада ойнайтын Эзри Консаны оң қанатқа ығыстыруы ықтимал.
Англия – Конго ДР матчы 1 шілде күні АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өтіп, сағат 21:00-де басталады.