28.06.2026 13:49
Лука Модрич рекорд жаңартты
28.06.2026 13:49
Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич рекорд орнатты

«Милан» ойыншысы Әлем чемпионатының үшінші турындағы Ганаға қарсы матчта (2:1) Николо Влашичке нәтижелі пас берді.
Осылайша ол мундиаль тарихында ассист жасаған ең егде ойыншы атанды. Лука 40 жас 292 күнінде Тиаго Силваның (38 жас 83 күн) рекордын жаңартты.
Айта кетейік, Модрич бастаған Хорватия 1/16 финалда 3 шілде күні Португалиямен кездеседі.