28.06.2026 11:44
Шотландия бас бапкерсіз қалды
28.06.2026 11:44
Стив Кларк Шотландия құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды

Қос тарап келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
62 жастағы маман «тартан армиясын» 2019 жылдан бері жаттықтырып келді. Содан бері команда 38 рет жеңіске жетіп, 14 мәрте тең түссе, 29 ойында қарсыласына жол берді және 1998 жылдан бері Әлем чемпионатына жолдама алды.
Шотландия биылғы мундиальда С тобында Бразилия, Марокко және Гаитимен ойнап, үш ұпаймен үшінші орын алды. Бұл плей-оффқа шығу үшін жеткіліксіз болды.