28.06.2026 12:00
Джордан Хендерсон рекорд орнатты
28.06.2026 12:00
Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джордан Хендерсон рекорд орнатты

36 жастағы «Брентфорд» ойыншысы Әлем чемпионатының үшінші турындағы Панамаға (2:0) қарсы кездесуде 84-минутта ойынға тыңнан қосылды.
Осылайша ол төрт мундиальда алаңға шыққан Англия тарихындағы алғашқы ойыншы атанды. Ол 2014 жылдан бері жаһан додасына үздіксіз қатысып келеді. Осы аралықта 12 ойында төбе көрсетіп, бір гол соқты.
«Үш арыстан» үш турдан кейін жеті ұпай жинап, L тобынан бірінші орынмен шықты. Томас Тухель шәкірттері 1/16 финалда 1 шілде күні Конго Демократиялық Республикасымен кездеседі.