28.06.2026 21:31

Мануэль Угарте қатардан шықты

28.06.2026 21:31

«Манчестер Юнайтедте» ойнайтын Уругвай құрамасының жартылай қорғаушысы Мануэль Угарте қатардан шықты

25 жастағы ойыншы Әлем чемпионатының үшінші турындағы Испанияға (1:0) қарсы кездесуде тізе байламын оңбай зақымдап алыпты.

Осыған байланысты бірнеше ай командасына көмектесе алмайды.

Угарте манкуниандықтардың сапына 2024 жылы ПСЖ-дан 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 24 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Ал топтық кезеңде үш турдан кейін небәрі екі ұпай жинаған Уругвай мундиальмен ерте қош айтысты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram