29.06.2026 12:54

Альварес «Барселонаға» ауысуы мүмкін

29.06.2026 12:54

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес мансабын «Барселонада» жалғауы мүмкін

Diario Sport хабарлауынша, Мадридтің клубы Альварес бойынша «Барселонамен» келіссөз жүргізуге дайын. Бас бапкер Диего Симеоне де бұған қарсы емес. Бірақ «Атлетико» бекіткен 150 миллион еуродан түспейміз деп отыр.

Альварес «матрасшылар» сапына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы аргентиналық форвард өткен маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram