14.06.2026 05:02
Бразилия – Марокко матчында жеңімпаз анықталмады
14.06.2026 05:02
Әлем чемпионатының бірінші турында Бразилия Мароккомен тең тарқасты

АҚШ-тың Ист-Ратерфод қаласында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Алғаш болып 21-минутта Исмаэль Сайбари гол соқса, 32-минутта Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді.
С тобында одан бөлек Шотландия мен Гаити бар екенін айта кетейік. Ол екеуі сағат 06:00-де өзара күш сынасады.