07.06.2026 10:44
Бразилия ойыншысы жарақат алды
07.06.2026 10:44
«Ромада» ойнайтын Бразилия құрамасының қорғаушысы Уэсли жарақат алды

22 жастағы ойыншы Египетке қарсы жолдастық кездесуде (2:1) шап тұсындағы бұлшық етін зақымдап алыпты.
«Уэслиден айырылғанымыз өкінішті. Бірақ медициналық тексерістің нәтижесін күтеміз. Егер болмай бара жатса, бізде оны алмастыратын жақсы ойыншылар бар»,– деді бас бапкер Карло Анчелотти матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Бразилия Шотландия, Гаити және Мароккомен С тобында ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.