07.06.2026 22:43

Бразилия құрамасында ойыншы ауысты

07.06.2026 22:43

«Ромада» ойнайтын Бразилия құрамасының қорғаушысы Уэсли қатардан шықты

22 жастағы ойыншы Египетке қарсы жолдастық кездесуде (2:1) шап тұсындағы бұлшық етін зақымдап алған еді.

Осыған байланысты ол құрама қосынынан кетіп, орнына жақында «Манчестер Юнайтедке» ауысатын «Аталанта» жартылай қорғаушысы Эдерсон шақырту алды.

Бразилия Марокко (14 маусым), Гаити (20 маусым) және Шотландиямен (25 маусым) С тобында ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram