07.04.2026 08:19
Бүгін Чемпиондар лигасының ширек финалы басталады
07.04.2026 08:19
Бүгін, 7 сәуірден 8-не қараған түні Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчтары басталады

Атап айтсақ, «Реал» өз алаңында «Баварияны» қабылдайды. Бұл матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ал «Спортинг» – «Арсенал» ойынын Qazaqstan Ұлттық телеарнасы көрермен назарына ұсынады.
Ойындар біздің уақытпен сағат 00:00-де басталады.