06.04.2026 20:30

Силваға ұсыныс түсті

06.04.2026 20:30

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва «Ювентуске» ауысуы мүмкін

La Gazzetta dello Sport хабарлауынша, Туриннің клубы оның агенті Жорже Мендешпен келіссөз жүргізіп жатыр. «Қарт синьора» Силваға тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар үш жылға жарамды келісімшарт ұсынды. Оған сәйкес бір жылдағы жалақысы шамамен 7-8 миллион еуро болады екен.

Осыған дейін «Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиоланың көмекшісі Пеп Линдерс Силваның 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, жазда клубтан кететінін растаған еді.

31 жастағы португалиялық ойыншы «қалалықтардың» сапына 2017 жылы «Монакодан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта командамен Англияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды. Одан бөлек тағы 11 трофей жеңді. Ол осы маусымда 43 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram