06.04.2026 14:37
Винисиуске АПЛ клубтары көз тікті
06.04.2026 14:37
«Реал» вингері Винисиус Жуниор мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, оны «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Челси» және «Арсенал» өз қатарынан көргісі келеді. Аталған клубтың өкілдері футболшының агентімен байланысқа шығып үлгеріпті және оны мұқият бақылап отыр.
Бірақ Винисиус бұған қарамастан «Реалмен» келісімшартты ұзарта салуы да мүмкін. Қазір қос тарап осы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.
25 жастағы бразилиялық вингер осы маусымда 44 матчта 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.