04.02.2026 12:33
Букайо Сака қатардан шықты
04.02.2026 12:33
«Арсенал» дүлдүлі Букайо Сака жарақат алды

24 жастағы англиялық вингер «Лидске» (4:0) қарсы ойынның алдында дене қыздырып жатып, бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен 3-4 апта командасына көмектесе алмайды.
Сака осы маусымда 34 матчта жеті гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.