04.08.2026 14:07
«Челси» 60 миллионға қақпашы алмақ
04.08.2026 14:07
«Челси» «Порту» қақпашысы Диогу Коштаға көз тікті

Mundo Deportivo хабарлауынша, Лондонның клубы оны келісімшартында көрсетілгендей 60 миллион еуроға сатып алуға дайын. Осылайша «көктер» осы жаздағы соңғы трансферін жасамақ.
Жазғы трансфер кезеңінде «Челси» сапына Джордан Хендерсон (тегін), Валентин Барко (€40 млн), Дэнни Уэлбек (€5,9 млн), Максанс Лакруа (€60,7 млн), Алвес Деннер (€10 млн), Джованни Кенда (€52,1 млн), Морган Роджерс (€137,3 млн) және Марко Палестра (€57 млн) қосылған еді.
Кошта – «Порту» түлегі. 26 жастағы Португалия құрамасының голкипері өткен маусымда 49 матчта 27 гол өткізіп, 26 ойында қақпасына доп жібермеді.