04.08.2026 02:44

Сесар Паласиос «Фулхэм» ойыншысы атанды

04.08.2026 02:44

Сесар Паласиос «Фулхэм» ойыншысы атанды

Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Лондонның клубы оны «Реалдан» он миллион еуроға сатып алды. Сондай-ақ «бланкос» Паласиостың келесі трансферінен түскен қаржыдан 30% үлес алады.

Осыған дейін Альваро Арбелоа баптайтын командаға Гонсало Гарсия қосылған еді. Ал «Реал» екі ойыншысын да кез-келген уақытта қайта сатып ала алады.

21 жастағы Паласиос «Реалдың» негізгі құрамында биыл қаңтар айында дебют жасап, содан бері жеті матчта алаңға шықты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram