04.08.2026 02:37

Гонсало Гарсия «Фулхэм» ойыншысы атанды

04.08.2026 02:37

Гонсало Гарсия «Фулхэмге» ауысты

Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Альваро Арбелоа баптайтын Лондонның клубы оны «Реалдан» 40 миллион еуроға сатып алды. Одан бөлек екі миллион еуро көлемінде бонус қарастырылған. Сондай-ақ Мадридтің клубы Гарсияның келесі трансферінен түскен қаржыдан 30% үлес алады.

Гарсия – «Реалдың» төл түлегі. 22 жастағы испаниялық форвард өткен маусымда 39 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram