10.12.2025 08:50
«Челси» нашар нәтиже тіркеді
10.12.2025 08:50
«Челси» 2012 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасында қатарынан 5 матчта жеңіске жете алмады

«Челси» Чемпиондар лигасының 6-турында қонақта «Аталантаға» 1:2 есебімен жеңілді.
Жоао Педроның голына Скамакка мен Кетеларе өз соққыларымен жауап берді.
Лондон ұжымы Чемпиондар лигасында сырт алаңда қатарынан 5 матчта жеңіске жете алмады. Мұндай жағдай 2012 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.