25.10.2025 20:51
«Челси» «Сандерлендке» есе жіберді
25.10.2025 20:51
Ағылшын Премьер-лигасының 9-туры аясында «Челси» өз алаңында «Сандерлендке» есе жіберді

Лондонда өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Алехандро Гарначо гол соқса, оған Уилсон Исидор мен Кемсдин Тальби жауап қайтарды.
Осылайша 14 ұпайы бар Энцо Мареска шәкірттері онлайн турнир кестесінде 7-орынға жайғасты. Ал 17-ұпайына қол жеткізген «Сандерленд» екінші сатыға көтерілді.
Энцо Мареска шәкірттері келесі турда «Вулверхэмптонға» қонаққа барады.