07.02.2026 22:03

«Челси» жеңіске жетті

07.02.2026 22:03

Ағылшын Премьер-лигасының 25-турында «Челси» сырт алаңда «Вулверхэмптонды» тізе бүктірді

«Молинью» стадионда өткен кездесу 1:3 есебімен аяқталды. Лондонның клубында Коул Палмер хет-трик жасады. Ал «Вулверхэмптонның» жалғыз голын Толуваласе Арокодаре соқты.

Осылайша «көктер» 43-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда 10 ақпан күні «Лидсті» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram